Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ИИДМ баспасөз қызметі тасжолдардағы шектеуге байланысты хабарлама таратты.
18 ақпан сағат 11:30-дағы жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты (қар, бұрқасын, жолда көрудің нашарлауы) қозғалысқа келесідей тас жолдарда шектеу енгізілді.
Қостанай облысында автокөліктің барлық түрі үшін:
1.«Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 231-503-шақырымында, атап айтқанда Ақтөбе облысының шекарасы мен Рудный қаласының аралығындағы учаскеде.
2.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-237-шақырымында, атап айтқанда Қостанай қаласы мен Ақмола облысының аралығындағы учаскеде. 3.«Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377-шақырымында, атап айтқанда Қарағанды облысы мен Ақмола облысының шекаралары аралығындағы учаскеде.
4. «Денисовка-Жетіқара-Мүктікөл-РФ шек.» автожолының 0-161-шақырымында, атап айтқанда Денисовка ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаскеде.
Ақмола облысында автокөліктің барлық түрі үшін:
1.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260-шақырымында, атап айтқанда Қостанай облысының шекарасы мен Сұрған ауылының аралығындағы учаскеде.
2. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-595-шақырымында, атап айтқанда Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы шекараларының аралығындағы учаскеде.
3. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 63-82-шақырымында, атап айтқанда Есіл қаласы мен Бұзылық ауылының аралығындағы учаскеде.
Қарағанды облысында автокөліктің барлық түрі үшін:
1.«Жезқазған-Петропавл» автожолының 142-252-шақырымында, атап айтқанда Сарлық ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаскеде.
Ақтөбе облысында автокөліктің барлық түрі үшін:
1. 17.02.2021 ж. сағат 21.45-те (Нұр-Сұлтан уақытымен) «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» автожолының 100-330-шақырымында, атап айтқанда Қандыағаш қаласы мен Атырау облысының шекарасы аралығындағы учаске (аталған учаске реконструкцияланып жатыр, «Uniserv»).
2. 18.02.2021 ж. сағат 01.10-да (Нұр-Сұлтан уақытымен) «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолының» 0-39-шақырымында, атап айтқанда Ақтөбе қаласының учаскесі.
Жүк және қоғамдық көліктер үшін:
3. 18.02.2021 ж. сағат 01.05-те (Нұр-Сұлтан уақытымен) «Ақтөбе-Орск» автожолының 39-136-шақырымында, атап айтқанда Ш.Қалдаяқов ауылы мен РФ шекарасы аралығынлағы учаске
4.«Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 85-234 -шақырымында, атап айтқанда Т.Жүргенов ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаскеде.
Атырау облысында жүк және қоғамдық көліктер үшін:
1. «Ақтөбе-Атырау- РФ шек.» автожолының 616-847-шақырымында, атап айтқанда Атырау қаласы мен Құрманғазы ауылының аралығындағы учаскеде (аталған учаске реконструкцияланып жатыр. Қызмет көрсетіп жатқандар: «АИС», «Тодинни», «Ант Иншаат», «СМС»)
2. «Ақтөбе-Атырау- РФ шек.» автожолының 330-504-шақырымында, атап айтқанда Ақтөбе облысының шекарасы мен Доссор ауылының аралығындағы учаскеде (аталған учаске реконструкцияланып жатыр, «Ант Иншаат»).
Алматы облысында автокөліктің барлық түрі үшін:
1.Үшарал-Достық автожолының 84-184-шақырымында, атап айтқанда, Көктума мен Достық станцияларының аралығындағы учаскеде («АБК-Автодор НС» ЖШС реконструкциялау учаскесі) қозғалысқа шектеу енгізілді.
Сонымен қатар 18 ақпан сағат 11.30-дағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты (қар, бұрқасын, жолда көрудің нашарлауы) «Булаево-Жезқазған-Петропавл» автожолының 595-673-шақырымында, атап айтқанда Ақмола облысының шекарасы мен Тоқсан би ауылының аралығындағы учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Соңғы ақпараттарға сәйкес 18 ақпан сағат 12:15-тегі жағдай бойынша Ақтөбе облысында «Северный обход Ақтөбе қаласы солтүстік айналма жолы» 0-39-шақырымында жол ашылды.
Сондай-ақ 18 ақпан сағат 12:30-дағы жағдай бойынша Атырау облысының «Ақтөбе-Атырау-РФ шек» 330-504-шақырымы, Ақтөбе обл.-Доссор учаскесінде («Ант Иншаат» өзені учаскесі) қозғалыс ашылды.