Шай бағасы қымбат өңірлер анықталды

13 Маусым 2021, 16:28
6365
Бөлісу:
Шай бағасы қымбат өңірлер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтардың сүйікті сусыны бір жылда бірден 12%-ға, ал кофе - 5,3%-ға қымбаттады. Болашақта бағаның өсуі жеделдеуі мүмкін.

Жалпы Қазақстанда шай және кофе өндірісі 21%-ға өсті.

Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 6,5 мың тонна өңделген шай мен кофе өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 20,5%-ға артық.

Өңірлер бөлінісінде өндірістің жартысынан астамы дәстүрлі түрде Алматыға тиесілі болды: онда 3,7 мың тонна өнім өндірілді (жылына минус 18,9%). Көшбасшы өңірлер үштігіне сондай-ақ Шымкент (бір жылда бірден 20 есеге жуық өсім тіркелді) және Қарағанды облысы (453 тоннаға дейін өнім өндіріліп, 28,3 есе өсті) кірді.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында сектордағы өндіріс көлемі 18,7 мың тонна шай мен кофені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,9%-ға артық.

Шай бағасы қымбат өңірлер анықталды

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында отандық өндірушілер өңделген шай мен кофеге деген сұранысты (ішкі нарықта өткізу және экспорт) бір жыл бұрынғы 27,6%-ға қарағанда 31,1%-ға қамтамасыз етті.

Импорт үлесіне тиісінше 68,9% тиесілі болды. Елге 10,2 мың тонна шай мен кофе әкелінд. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,3%-ға аз.

Шай бағасы қымбат өңірлер анықталды

Экспортқа жылына 2,5 мың тонна өңделген шай мен кофе (минус 26,8%) жөнелтілді. Өз кезегінде Қазақстанның ішкі нарығында 12,3 мың тонна өнім сатылды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 14,6%-ға артық.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында елге құны 28,1 млн АҚШ долларын құрайтын 7,8 мың тонна шай, оның ішінде хош иісті қоспалары бар шайдың ерекше сорттары импортталды. Заттай мәндегі өсім 2,5%-ды, ақшалай мәнде - 5,3%-ды құрады.

Сектордағы импорттың ең көп көлемі Кенияға тиесілі: 3,6 мың тонна. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,8%-ға аз. Ақшалай мәнде импорт құны 12,4 млн АҚШ долларына тең болды.

Екінші орында Үндістан (10 млн АҚШ долларын құрайтын 2,8 мың тонна өнім) және үшінші орында Ресей (4 млн АҚШ долларын құрайтын 652,9 тонна өнім).

Шай бағасы қымбат өңірлер анықталды

2021 жылғы мамырда қара байхалық шайдың орташа бөлшек сауда бағасы бір келі үшін 3,6 мың теңгені құрады. Еліміздің ірі қалалары бойынша саралайтын болсақ. Ең қымбат шай Қарағанды қаласында екені анықталды. Онда бір келі шайдың бағасы 4 мың теңге екен. Көпшілік сүйіп ішетін шай бағасының қымбаттауы елордада (3,9 мың теңге) және Алматыда (3,8 мың теңге) тіркелді. Ал Талдықорғанда керісінше шай бағасы арзан екен. Оның бір келісін 3,3 мың теңгеге алуға болады.

Сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстан бойынша орташа есеппен шайдың 12,4%-ға қымбаттағаны байқалды. Сонымен қатар Қазақстанның 17 өңірінің 7-інде шай бағасы орташа деңгейден бірден өсті. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында шай бірден 25,3%-ға, Павлодар облысында 21,4%-ға, Шымкентте 19,3%-ға қымбаттады.

Кофе бағасы, өз кезегінде, ҚР бойынша орташа есеппен жылына 5,3%-ға өсті. Ең жоғары өсім Қызылорда облысында байқалды: 16,5%.

Шай бағасы қымбат өңірлер анықталды

Сонымен бірге әлемде де кофе қымбаттап жатыр: Лондондағы ICE биржасында танымал «арабика» сортының бағасы төрт жылдық деңгейден асып кетті, деп хабарлады Хабар24. Нарықтағы толқулар құрғақшылықтан және Бразилиядан жеткізілімдердің қысқаруынан туындады.

Өз кезегінде колумбиялық кофені экспорттаушылар елдегі наразылықтарға байланысты логистикалық проблемаларға тап болды.

Шаймен де жағдай оңай емес: қазір Ассам үнді шайының плантацияларында коронавирус жаппай таралуда. Маусымның басында мұнда өткен жылдарға қарағанда 13 млн келі шай аз өндірілді.

Өзгелердің жаңалығы