Еліміздің футбол маусымы қашан басталатыны айтылды

2 Қаңтар 2022, 16:01
1700
Бөлісу:
Еліміздің футбол маусымы қашан басталатыны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа футбол маусымы Қазақстан Суперкубогі ойындарымен басталады. Аталған шағын турнир ақпанның 24 мен 27 аралығы өтеді.

Бұл туралы журналист, инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.

Өткен жылдағыдай Қазақстан Суперкубогінің екі жартылай финалы (24 ақпан) және финал (27 ақпан) болады. Биылғы жарысқа қатысушылар "Тобыл", "Астана", "Қайрат" пен "Қызыл-Жар" командалары.

Өткен жылы финалдық матчар "Түркісан Аренада" ұйымдастырылса, биыл елорда төріндегі "Астана Арена" стадионында өтеді деп жоспарланған.

Жарыстың жүлде қоры былтырғыдай. Мәселен жеңімпаз 25 млн теңге алса, финалға шыққан команда 15 млн теңгеге байи түспек. Ал үшінші орынға 5 млн теңге жүлде қоры белгіленген.

Еске салайық, отандық клубтар арасында "Астана" Суперкубокты ең көп ұтқан клуб. (2011, 2015, 2018, 2019, 2020)

Өзгелердің жаңалығы