Еліміздің екі облысында балық қырылып жатыр

8 Шілде 2021, 21:52
3570
Бөлісу:
Еліміздің екі облысында балық қырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында балықтың жаппай қырылу оқиғасы тіркелді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2021 жылғы 3 шілдеде Солтүстік қазақстан облысы Қызылжар ауданының жергілікті тұрғындарынан Қарабек көлінде балықтардың (мөңке балығының) қырылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жануарлардың қырылу қаупі және (немесе) өлімі анықталған кездегі өзара іс-қимыл схемасына сәйкес барлық мүдделі органдар хабардар етілді.

Аталған факті бойынша Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Солтүстік қазақстан облысы әкімдігі, Солтүстік қазақстан облысы бойынша экология департаменті және ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы өкілдерінің аталған су айдынына бірлескен шығуы ұйымдастырылды.

Тексеру барысында су қоймасының солтүстік-шығыс жағалауында 100 кг балық (мөңке балық) өлімі анықталды. Келесі күндері балықтарды жинау жалғасып, бүгінде 560 кг мөңке жойылды.

Ветеринарлық қызмет пен Экология департаментінің мамандары зерттеу жүргізу үшін су сынамалары мен балық ұшаларын алды.

Балықтың қырылу себебі туралы ақпарат зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін қосымша хабарланатын болады.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 7 шілдеде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында Осакаров ауданындағы Қызыл Кут бөгетінің бұзылуы туралы хабарламаны анықтады, бұл балықтардың қырылу қаупін тудырады.

Жануарлардың қырылу қаупі және өлімі анықталған кездегі  өзара іс-қимыл схемасына сәйкес инспекция орынға шығуды ұйымдастырды.

Жедел топтың шығуы барысында Қызыл Кут бөгетінің жанындағы су қоймасының жағалаулық жолағы толық тексерілді, алайда балықтардың қырылуы анықталған жоқ. Бұл ретте балықтардың тірі үлгілері бөгеттің жарылу орнында судың төгілуі таяз бетінен табылды.

Балықтардың қырылуына жол бермеу мақсатында жедел топ орташа салмағы 135 грамм болатын 111 дана ұсақ тұқы (15 кг) ауланып, Ошағанды өзенінің арнасына жіберілді.

Қазіргі уақытта су айдынының ихтиофаунасының жай-күйіне мониторинг жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы