Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

16 Наурыз 2021, 22:50
1679
Бөлісу:
Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар жол учаскесі мен Маңғыстау облысының «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-м/п Ақтау» автожолы ауа райының нашарлауына байланысты жабылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 20:00-ден бастап «Тимирязево-Сарыкөл» Р-61 жолының учаскесі 0-32 шақырымы (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы) жабылды. Мұнда апатты жағдай туғызатын ауа райы жағдайлары, атап айтсақ, жаяу бұрқасын байқалады, жол көрінісі 50 метрге дейін шектелген. 17-18 наурыз аралығында аймақта қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Тұман күтіледі, кей жерлерде оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, 16 наурыз күні сағат 19:30-дан бастап ауа райының күрт бұзылуына байланысты (күшті жел, шаңды дауыл, жодың көрінбеуі) «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-м/п Ақтау» автожолының 668-705 шақырымы, Бекі және Жетібай ауылдарының аралығы барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Өзгелердің жаңалығы