Түркістан облысында 81 және Жамбыл облысында 78 канал автоматтандырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыстарды 2027 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта осы нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр.
Монтаждау жұмыстары аяқталып, ақпараттық жүйелер дайын болғаннан кейін барлық каналдан жиналатын деректер Су ресурстарының Ұлттық ақпараттық жүйесіне интеграцияланады.
Бұл суды қабылдау көлемдерін талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы кем дегенде 3500 км суару каналдарын цифрландыруды тапсырды. Қазіргі таңда бұл жұмыс Қызылорда облысында да жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру суды тиімді пайдалануға, оны есепке алудың дәлдігін арттыруға және шығындарды азайтуға септігін тигізеді, – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.