Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев еліміздің барлық жылу электр орталықтары қысқа дайын екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі кезде бүкіл Қазақстан бойынша жылу беру маусымын бастадық. Қажетті көлемдегі құрал-жабдықтар іске қосылды. Қараша айының соңына дейін қазандық жабдықтарының тағы бір бөлігі іске қосылады. Жалпы, энергетикалық кешен жылу беру маусымына дайын. Қысқа дайындық жайлы құжаттардың 90 пайызы қаралды, - деді Энергетика министрі Ақордада.
Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция президентімен келіссөз жүргізеді.