Еліміздің бірнеше қаласындағы "Жас Ұлан" мектептері колледжге алмасады

21 Ақпан 2024, 11:29
624
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше қаласындағы "Жас Ұлан" мектептері колледжге алмасады
Фото: ortcom.kz

Шымкент, Алматы және Қарағандыдағы"Жас ұлан" мектептерін әскери колледжге ауыстыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарулы күштер - ұлттық мүддемізді сақтау, аумақтық тұтастық пен егемендікті қорғау кепілі. Сондықтан жастарға әскери патриоттық тәрбие беру маңызды. Бүгінде елімізде 9 әскери білім беретін орын бар. Бұл туралы Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, әскери ғылымдарының докторы, профессор генерал-майор Жұмабек Ахметов толығырақ айтты.

"Жас ұлан" республикалық мектептерінде шет тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытатын және дене шынықтыру күшейтілген түрде берілетін жалпы орта білім беру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Елімізде 10-сыныптан бастап оқушыларды қабылдайтын "Жас Ұлан" мектептері бар. Осыған дейін өз елінің 14 мыңнан аса патриоты түлеп шықты, - деп атап өтті ол.

Сонымен қоса, ол алдағы жоспарлармен бөлісті.

2030 жылға дейінгі ҚР Қарулы күштерінің әскери білім және ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес "Жас ұлан" республикалық мектептерін әскери колледждерге айналдыру көзделген. Ақмола облысының Астана және Щучинск қалаларының әскери колледждерінде техникалық және кәсіптік білім беру жүзеге асырылады. Оған 9 және 11-сыныптарды аяқтағандар түсе алады, - деді генерал-майон Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы