Еліміздің бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болады

27 Қазан 2020, 20:55
2828
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болады деп хабарлайды "Қазгидромет" өкілдері.

28 қазанда Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20 м/с, кей жерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында түнде қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетауда 28 қазанда түнде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Өскеменде 28 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Семейде 28 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанайда түнде және таңертең 28 қазанда жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағандыда 28 қазанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

28-30 қазанда Жамбыл облысында кей жерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы