Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10 Мамыр 2021, 08:33
1176
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Нұр-Сұлтанда 10 мамыр күні нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауып, кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. 

Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, түнде кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 метрге дейін жетуі мүмкін. 

Көкшетауда түнде және таңертең найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал. 

Алматы облысының таулы аймақтарында түнде нөсер жауын жауады. Кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді. 

Алматыда және Талдықорғанда 10 мамыр күні найзағай ойнайды. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. 

Ақтауда күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Атырау облысында кей жерлерінде найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. 

Атырауда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. 

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. 

Шымкентте 10 мамырда түнде найзағай ойнайды. 

Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түседі. Түнде және таңертең кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде секндына 15-20 метрге жетеді. Қостанайда 10 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. 

Жезқазғанда 10 мамырда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, екпіні 18 м/с-қа жетеді. 

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метр, кей жерлерде екпіні 23-28 метге дейін жетеді. 

Павлодарда шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

10 мамырда күндіз Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады, жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 метрге жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайд. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. 

Петропавлда 10 мамыр күні солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с болады.


Өзгелердің жаңалығы