Еліміздің біраз өңірінде қатты ыстық күтіледі

25 Мамыр 2021, 07:25
1110
Бөлісу:
Еліміздің біраз өңірінде қатты ыстық күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстан территориясының басым бөлігінде Батыс антициклонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек ҚР-ның оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. 

Республиканың кей жерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. 

Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. 

Түркістан облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында дауыл болады. 

Күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі. 

Қызылорда, Ақтөбе, облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде, Алматы, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы