Еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жауады

27 Сәуір 2022, 11:15
1145
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер республика бойынша 2022 жылдың 28-30 сәуіріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Сәуірдің соңғы күндерінде, Ақ теңіз аудандарынан Қазақстанның батыс аймақтарына циклон ауысады. Бірте-бірте ол шығыс бағытқа қарай жылжып, елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына әсер ете бастайды. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр, ал 30 сәуірде республиканың батысында тіптен қатты жаңбыр жауады. 

Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстік жартысындағы ауа райын, 30 сәуірде Қазақстанның басым бөлігін қамтитын Оңтүстік циклон құрайды. Ол бұршақ пен дауылды әкеледі. Қазақстанның аумағы бойынша жел 15-20 м/с дейін күшейеді, ол оңтүстікте, оңтүстік–шығыста екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Өзгелердің жаңалығы