Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

29 Қаңтар 2022, 09:30
1277
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 29-шы қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

Атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясына тұрақсыз ауа райын әкеледі, осыған орай еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады, түнде және таңертең оңтүстіктің таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тек еліміздің солтүстігі мен шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, күндіз көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде және тау бөктерлі аудандарында жел 17-22 м/с, облыстың таулы аудандарында және солтүстігінде 25 м/с, таулы асуларда екпіні 30 м/с және одан аса күшейеді. 

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 23-28 м/с, таңертең және күндіз 30 м/с және одан аса күшейеді. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі, облыстың орталығында және шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Маңғыстау және Атырау облыстарының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы