Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

11 Қаңтар 2021, 18:18
1500
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады.

12 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерде бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 12 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%. 

12 қаңтарда Қостанай облысының кей жерінде тұман, төменгі боран күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, кей жерде 15-20 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.     

12 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Орал қаласында 12 қаңтар тұман күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%. 

12 қаңтарда Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.

Көкшетау қаласында 12 қаңтарда жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с күтіледі. 

12 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерде 15-20, түнде екпіні 25 м/с. 

12 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қарағанда қаласында күндіз 12 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-75%. 

12 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерде бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 12 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы