Еліміздің басқа облыстарына есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады

26 Қазан 2023, 20:16
644
Бөлісу:
Еліміздің басқа облыстарына есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Жамбылдық полицейлер Қазақстанның басқа облыстарына есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

22 қазанда Жамбыл облысының ПД қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысының аумағында 33 жастағы Байзақ ауданы тұрғынының басқаруындағы Алматыдан Ақтөбеге бағыт алып бара жатқан SCANIA R480 жүк көлігі тоқтатылды.

Тінту барысында көліктен төрт қорап табылып, тәркіленді. Оның ішінде жалпы салмағы 5 келіге жуық марихуана есірткі заты болған.

Сол күні Байзақ ауданының тағы үш тұрғыны есірткімен ұсталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шаралары кезінде марихуана мен гашиш есірткі заттары салынған 9 қап табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 140 келіден асады, бұл аса ірі көлемге жатады.

Қылмыстық топқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған азаматтар Тараз қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.

Өзгелердің жаңалығы