Еліміздің авиакомпаниясы үздік үштікке кірді

26 Қыркүйек 2022, 10:41
1401
Бөлісу:
Еліміздің авиакомпаниясы үздік үштікке кірді

QAZAQ AIR авиакомпаниясы Орталық Азия мен ТМД елдерінің үздік өңірлік авиакомпанияларының үштігіне кірді,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Skytrax рейтингі авиация әлеміндегі ең беделді рейтинг. Ол жолаушылар мен авиация сарапшыларының пікірлері негізінде жасалады.

Skytrax-британдық жеке консалтингтік компания, ол әртүрлі авиакомпаниялар мен әуежайларда көрсетілетін қызметтердің сапасын егжей-тегжейлі зерттеуге мамандандырылған.

2021-2022 жылдардағы Skytrax сауалнамасында 350-ден астам авиакомпаниялардың есімдері аталған.

Сауалнамаға қатысушылар-жолаушылар мен авиаэксперттер авиакомпания сайтын, рейске тіркелу мен отырғызуды, ұшақ салонының тазалығын, борттағы ойын-сауықты, бортсеріктердің сыртқы түрін және қызмет көрсетуді, тамақтану сапасын, креслолардың жайлылығын және басқаларды бағалады.

QAZAQ AIR авиакомпаниясы “Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік авиакомпаниялары 2022” номинациясы бойынша үздік үштікке кірді, сондай-ақ Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік авиакомпаниялары арасында 2022 рейтингінде алтыншы орынға ие болды.

Өзгелердің жаңалығы