Еліміздің әуе қызметі қазынадан бөлінген 800 млн теңгені ақтай ма?

5 Сәуір 2023, 15:08
704
Бөлісу:
Еліміздің әуе қызметі қазынадан бөлінген 800 млн теңгені ақтай ма?
Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы сенатор Сергей Карплюк Сенаттағы Қаржы және бюджет комитетінің отырысында мәселе көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті анықтау кезінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бюджеттік бағдарламаларын талқылау барысында әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша тасымалдаушылардың шығынын субсидиялау мәселелері көтерілді. Негізгі проблемалардың бірі – еліміздің өңірлерінде әуе көлігі қызметінің қолжетімсіздігі. Бұл әсіресе ішкі туризмнің белсенді дамуы, жаңа облыстардың құрылуы мен жаңа бағдарлардың ашылуына байланысты өзекті болып отыр, - деп атап өтті сенатор.

Сонымен қатар ол биылға арналған республикалық бюджетті нақтылауда қанша қаражаттың бөлінгеніне тоқталды.

2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында ел қазынасынан әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша тасымалдаушыларды субсидиялауға 800 млн теңге бөлінді. Одан басқа, халыққа қызмет көрсету сапасы, билеттердің қымбаттауы мәселелері де көтерілді. Өкінішке қарай, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартып, билет құнын реттеп, әуе компаниясының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту керек, - деді Сергей Карплюк.

Айта кетерлігі, Сенаттың комитет отырысында ішкі жолаушылар авиатасымалдарына байланысты проблемалық мәселелерді талқыланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы