Еліміздің әр өңірінен 169 оқушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаға қатысады

2 Мамыр 2023, 20:18
1268
Бөлісу:
Еліміздің әр өңірінен 169 оқушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаға қатысады
Фото: IQanat баспасөз қызметі

Елімізде 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқушылардың білімдерін тереңдету және жетілдіру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында квотаға сай Қазақстанның әр өңірінен 169 оқушы қатысуда.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мамандарының айтуынша, олимпиаданың республикалық кезеңі екі кезеңнен тұрады. Қатысушылар эссе жазып, сұрақтарға ауызша жауап береді. Қазақ тілі мен әдебиетінің шығармалары, Қанипа Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы және публицистикалық еңбектері бойынша білімдерін көрсететін болады, - делінген ақпаратта.

Олимпиада аясында жетекшілер үшін шеберлік сыныптары мен қатысушыларға мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің диплом, грамоталарымен марапатталады.

Айта кетейік, Қанипа Бітібаева атындағы олимпиада 2014 жылдан бастап республикалық деңгейде өткізіліп келеді.

Өзгелердің жаңалығы