Еліміздің әр ауданында отбасыны қолдау орталықтары ашылады

14 Маусым 2024, 12:54
629
Бөлісу:
Еліміздің әр ауданында отбасыны қолдау орталықтары ашылады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Әйелдер құкықтыры мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң 16 маусымнан күшіне енеді. Осы заңдағы негізгі түзетулерді Орталық коммуникациялар қызметінде түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы, осы заңда екі бағыт бойынша түзетулер бар. Атап айтқанда, профилактаға қатысты отбасыларға көмек ұйымдастыру, қиын жағдайдан шығару функциясын әлеуметтік басқармаға енгіздік, себебі бұрын акиматта осы функцияға жауапты басқарма болған жоқ, - деді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева.

Ол сондай-ақ қиын жағдайда тұратын отбасыларды анықтау үшін, зорлық-зомбылықты анықтау үшін жедел әрекет ету топтарына қатысты түзетулер көзделгенін жеткізді.

Ең маңыздысы әр ауданда отбасын қолдау орталықтарының ашылуына байланысты түзетулер көзделген. Бұл орталықтар психологиялық, құқықтық, әлеуметтік көмек көрсетеді. Онда уакытша төсек орындар болады, - деді ол.

Закиеваның айтуынша, осы норамалар 3 жылдық пилотқа негізделген.

Бұған қоса, заңда агрессорды үйден көшіру, олармен психологиялық жұмыс жүргізу сияқты ерекше талаптар көзделген.

Балалар арасындағы зорлық-зомбылықты, буллингті, суицидтік көңіл-күйді анықтау үшін және оларға арнайы көмек ұйымдастыру, бірыңғай тәсілді енгізу үшін Балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтарының ашылуына қатысты нормалар көзделген, - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сонымен қатар, 111 сенім телефонына қатысты нормалар мен өңірлік балалар құқықтары жөніндегі уәкілдер институты заңмен бекітілді.

Өзгелердің жаңалығы