Еліміздің ақпарат саласы тағы бір тәуелсіз сайтпен толықты

7 Маусым 2021, 17:15
5892
Бөлісу:
Еліміздің ақпарат саласы тағы бір тәуелсіз сайтпен толықты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыда Independ.kz тәуелсіз ақпарат порталының ресми таныстырылымы өтті.

Портал бүгінгі таңдағы өзекті қоғамдық мәселелерді талқылап, халыққа шынайы ақпарат беруге бағытталған.

Бүгін біздің сайт іске қосылды. Онда өзекті тақырыптар бойынша сұхбаттар өткізетін баспасөз орталығы бар. Іскер команда халыққа шынайы ақпарат берумен айналысады, - деді сайттың бас редакторы Рафаэль Гасанов.

«Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті Марина Гуриева аталған сайт, әсіресе, жастарға пайдалы ақпарат беруімен ерекшеленетінін айтып өтті.

Бұл сайт жастарға түрлі сала бойынша ақпарат береді. Онда балаларды қорғау, жастар құқығы бойынша қажетті ақпараттармен танысуға болады. Кейбір жасты жұмыс алаңдатса, тағы бірін баспана мәселесі мазалайды. Осындай өзекті мәселелер осы портал алаңында тікелей эфирде талқыланады. Біз осы елде тұрған соң, мемлекет не ұсынып отырғанын, қандай бағдарламаларды іске асырып жатқанын білуіміз қажет. Портал билік пен халық арасындағы көпір қызметін атқарады, - деді Гуриева.

Айта кетсек, сайттың бас редакторы Рафаэль Гасанов балалар үйінің тәрбиеленушісі, қазір Балалар үйі түлектері қауымдастығын басқарады.

Өзгелердің жаңалығы