Еліміздің 800 азаматы Мажарстанның жоғары оқу орындарында білім алуда – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еліміздің  Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті.

26 Қазан 2021 2021, 14:19
26 Қазан 2021 2021, 14:19
45926

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еліміздің  Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті.

Ол Мажарстан және Қазақстан арасындағы Стратегиялық кеңесінің бесінші отырысында талқыланған мәселелер барысы туралы айтты.

Бүгінгі таңда еліміздің 800-ден астам азаматы Мажарстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуда. «Стипендиум Хунгарикум» мажар білім беру бағдарламасы шеңберінде мажар тілінде оқуға қызығушылық танытқан студенттер саны артып келетінін атап өту қажет,- деді Мұхтар Тілеуберді.

Оның айтуынша, екі ел арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша Стратегиялық Кеңестің 5-ші отырысының хаттамасы қабылдады.

Михай Варга мырзаның сапары және бүгінгі келіссөздеріміздің қорытындылары екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы серіктестік қарым-қатынастарды тереңдетуге қосымша серпін береді деп сенемін, -деді ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.
Наверх