«Қазгидромет» синоптиктері 19 қарашада қолайсыз ауа райы күтілетінін ескертті. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, көктайғақ болып, елдің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түседі.
Қарағанды, Ұлытау, Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады.
Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстарында тұман.
Қызылорда облысының орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Тұман, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.