Еліміздің 12 өңірінде тарифтер төмендетілді

19 Қыркүйек 2022, 15:22
6994
Бөлісу:
Еліміздің 12 өңірінде тарифтер төмендетілді

 Ағымдағы жылғы тамыз айында ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті табиғи монополиялар субъектілерінің 2020-2021 жылдарға  тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есептерін қарау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 9,05 млрд теңгеге еліміздің бірқатар өңірлерінде коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендегендігі туралы хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі күні ТМС - ның  2021 жылғы есептеріне талдау жүргізу шеңберінде 12 өңірде, атап айтқанда Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары бойынша мынадай салаларда: сумен жабдықтау – 162 млн тг, жылумен жабдықтау –  379 млн тг, су бұру – 22 млн тг, электр энергиясын беру – 37 млн тг, тауарлық газды тасымалдау – 9 млн. тг жалпы сомасы 609 млн теңгеге тарифтер қосымша төмендетілді.  

Нәтижесінде, қазіргі уақытта бекітілген УӨТ жалпы сомасы (бұрын аталған сомаларды ескере отырып) 9,66 млрд теңгені құрайды.

ТМРК монополист - субъектілердің есептеріне талдау жұмыстарын жалғастыруда, нәтижелері  қосымша  хабарланатын болады.

Өзгелердің жаңалығы