Алматы, BAQ.KZ. 2018-2019 оқу жылында еліміздегі жоғары оқу орындарында 21,7 мың шетелдік студент білім алған. Бұл туралы LS басылымы жазды.
Бұл алдыңғы жылға қарағанда 56,3% жоғары, былтырғы көрсеткіш 13,9 мың адам жағдайында болған.
Өткен жылы еліміздің жоғары оқу оындарын таңдап, білім алуға келгендердің басым көпшілігі көрші Өзбекстан елінің азаматтары болған. Бұл елден 9,5 мың студент келген, бұл бұған дейінгі жылға қарағанда 2,5 есе артық.
Сондай-ақ Үндістаннан – 3,7 мың, Түрікменстаннан -2,6 мың, Ресейден -1,2 мың адам білім алуға келген.
Ал көрші Қытай елінен 1,2 мың студент білім алуға келсе, Қырғызстаннан – 1,1 мың, Моңғолиядан – 565 студент біздің елдің оқу орындарын таңдаған.
Сонымен қатар, Тәжікстаннан - 503 студент, Ауғанстаннан - 399, Түркиядан 233 және Әзірбайжаннан 144 студент келген.