Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

10 Желтоқсан 2019, 08:30
2131
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 желтоқсан күні Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі.

Қазгидрометтің мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Қарағанды және Теміртау қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы