Еліміздің үш қаласында метеожағдай нашарлайды

27 Желтоқсан 2019, 08:30
2537
Бөлісу:
Еліміздің үш қаласында метеожағдай нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 желтоқсан күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасының нашарлауы күтілуде.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, жұма күні Нұр-Сұлтан, Өскемен және Шымкент қалаларында ауа сапасының ластануы күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы, Балқаш Қарағанды, Тараз, Теміртауда жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Өзгелердің жаңалығы