Еліміздің үш қаласында метеожағдай нашарлайды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 желтоқсан күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасының нашарлауы күтілуде.</h4>

 27 Желтоқсан 2019 2019, 08:30
27 Желтоқсан 2019 2019, 08:30
2900

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 желтоқсан күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасының нашарлауы күтілуде.

"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, жұма күні Нұр-Сұлтан, Өскемен және Шымкент қалаларында ауа сапасының ластануы күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы, Балқаш Қарағанды, Тараз, Теміртауда жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Наверх