Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

<h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 ақпанда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледіК. </h4>

 6 Ақпан 2020 2020, 08:45
6 Ақпан 2020 2020, 08:45
1384

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 ақпанда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қазгидрометтің мәліметінше, Атырау, Қызылорда, Талдықорған қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх