Еліміздің үздік кәсіпкерлері марапатталды

13 Желтоқсан 2019, 11:09
7547
Бөлісу:
Еліміздің үздік кәсіпкерлері марапатталды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "ЭКСПО" конгресс орталығында ҚР Президентінің "Алтын Сапа" сыйлығы байқауының жеңімпаз-лауреаттары және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауының дипломанттары, сондай-ақ "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы республикалық байқауы, "Altyn oimaq" дизайнерлердің ұлттық байқауы, "Бизнес Кемелділік", "Іскер", "Ұлы дала елі" байқауыларының жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі өтіп жатыр.

image-13-12-19-11-09-1.jpeg

Жеңімпаздарды ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, сонымен қатар ҚР Парламенті депутаттары мен басқа да мемлекеттік орган басшыларының, беделді кәсіпкерлері марапаттады.  

image-13-12-19-11-09-2.jpeg

"Бизнес кемелдік" халықаралық сыйлығы:

"Адили" ЖШС,  құрылтайшысы – Индира Адиль (Алматы обл.), "Темирмаш" зауыты (Павлодар обл.), директоры – Диас Ақтаев. 

image-13-12-19-11-09-3.jpeg

"Іскер" сыйлығы: 

"Айсберг ПВ" ЖСШ, директоры – Михаил Желнов (Павлодар обл.); "Нәтиже" сүт фабрикасы" ЖШС, директоры – Дулатбек Акпар (Қарағанды обл.); "Шахтерское" ЖШС, директоры – Георгий  Прокоп (Қарағанды обл.); "Швейная фирма Семрамида" ЖШС, "Манера" брендінің директоры – Анастасия Насибуллина (Алматы қ.); "Grand Miks" ЖК – Собиржан Исхаков(Түркістан обл.); "Байтемирова Р. С." ЖШС директоры – Рәбиға Байтемірова (Шымкент қ.), "СКФ Отделстрой" ЖШС директоры – Валентина Михно(БҚО); "Уразбаева A SU_KZ" ЖК– Айсұлу Оразбаева (Атырау обл.), "Дана-Дель" ЖК– Бақыткүл Тоқтыбаева(Жамбыл обл.); "Султанов С. Т." ЖК директоры –Виктория Султанова (Павлодар обл.)  

image-13-12-19-11-09-5.jpeg

"Ұлы дала елі" байқауының жеңімпаздары:  

"Абай Даулет" ЖШС, (Қызылорда обл.), "Премиум Ойл Транс" ЖШС (Нұр-Сұлтан қ), "Торговый дом "God Look" ЖШС (Жамбыл обл.).

image-13-12-19-11-09-6.jpeg

"Қазақстанның үздік тауары": 

"БатысАльянсСтрой" ЖШС, бас директоры – Әділ Жұбанов (Атырау обл.);  "Глобал Спецодежда» ЖШС өндірістік бірлестігі, директоры – Надежда Шабаева (Ақтөбе обл.), "Завод стеклопластиковых труб" ЖШС, директоры  – Сәрсен Қырымқұлов (Маңғыстау обл.), "ПК "АГФ групп" ЖШС, директоры – Гаухар Насырова (Шымкент қ.), "ПЭРИ" ЖШС, директор – Серік Ахметов (Алматы қ.); "MARAI E7 Group" ЖШС, директоры – Гулия Джузенова (Түркістан обл.); "Завод безалкагольных напитков ВИЗиТ" ЖШС,  бас директор – Вельким Злавдинов (Шымкент қ.), "Казмясопродукт" ЖШС Директор – Ильясов Серик Искендырович (СҚО), "DALA-FRUIT.KZ" ЖШС, директоры –Сапарбек Ержигитов (Түркістан обл.)

Өзгелердің жаңалығы