Еліміздің командасы шорт-тректен Ресей кубогына қатысады

11 Қыркүйек 2019, 19:39
1351
Бөлісу:
Еліміздің командасы шорт-тректен Ресей кубогына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12-15 қыркүйек күндері Ресейдің Коломна қаласында шорт-тректен Ресей Федерациясы кубогінің бірінші кезеңі өтеді деп хабарлады Olympic.kz.

Аталған турнирге Қазақстан командасы да қатысады. Әлем үздіктері бақ сынайтын додаға қазақстандықтар толық құраммен барады. Атап айтар болсақ, ерлер құрамасының үздігі Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұхаев, Әділ Ғалиахметовтар айдынға шығады.

Ал қыздар командасынан екі спортшы қатыспайды. Олар - Әлия Ким мен Анастасия Крестова.  Ресей кубогінің бірінші кезеңі шорт-трекшілер қатысатын маусымдағы алғашқы бәсеке. Кейін Қазақстан ерлер командасы Қытайдағы турнирге аттанады. Шанхайда өтетін бәсекеде біздің команда эстафетадан және 1000 метрге жүгіруден бақ сынайды.  
Өзгелердің жаңалығы