Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

25 Мамыр 2020, 08:26
1197
Бөлісу:
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы 25 мамыр күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атап айтқанда, 25 мамырда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында күтіледі. 

Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал және Өскеменде метеорологиялық ахуал қалыпты болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы