Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

13 Қыркүйек 2020, 11:00
1144
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады.

13 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерінде найзағай болады. Солтүстіктен жел соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с.

Күндіз 13 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

13 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде найзағай болады. Солтүстіктен жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде 12-13 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында кей жерде 1-3 градус үсік жүреді.

Өзгелердің жаңалығы