Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

30 Сәуір 2020, 21:51
1146
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 1 мамырда Қазақстанның бірнеше облыстарында дауылды ескерту жариялады.

Нұр-Сұлтан және Көкшетеу қаласы және Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Түнде кей жерлерде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Қостанай қаласы мен Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 күтіледі.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Павлодар қаласы мен Павлодар облысында батыс желі түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі. Павлодар қаласы: күндіз 01 мамырда жел батыстан екпіні 18 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-100 %.
Өзгелердің жаңалығы