Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22 Тамыз 2020, 19:08
1015
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 тамыз күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысында түнде кей жерлерінде найзағай болжанады. Түнде және таңертең жекелеген аумақтарды тұман басады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман болжанады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с құрайды.

Өзгелердің жаңалығы