Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

17 Мамыр 2020, 09:00
1164
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Республика бойынша кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Жексенбіде Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 

Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Ақтобе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, екпіні 20 м/с, Павлодар облысында түнде желдің күші 23 м/с дейін жетеді. 

Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы