Еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 қаңтар күні Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі.&nbsp;</h4>

 31 Қаңтар 2020 2020, 08:30
31 Қаңтар 2020 2020, 08:30
1489

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 қаңтар күні Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі. 

Қазгидрометтің мәліметінше, Қарағанды, Петропавл, Семей, Талдықорған, Өскемен және Шымкент қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Наверх