Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның басым бөлігін жайлаған тұман, көктайғаққа байланысты дабылды ескерту жариялады.
14 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, 14-16 желтоқсанда кей жерлерде тұман сақталады.14 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының тауында қатты жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетпек.
Шымкент қаласында 14 желтоқсанда кей уақытта тұман, түнде солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел көтеріледі.
Түркістан қаласында 14 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
14 желтоқсанан Шығыс-Қазақстан облысында қар, күндіз кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
14 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.