Еліміздің 2 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

29 Қазан 2019, 20:10
1718
Бөлісу:
Еліміздің 2 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай мен Маңғыстау облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

"30 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. 30 қазанда түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі", - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы