"Эйр Астана" Германияға жаңа бағыт ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Осылайша, 2025 жылдың 1 маусымынан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Франкфурт бағыты бойынша аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі) жиілікпен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта әуе компаниясы Франкфуртқа Астана мен Оралдан ұшады.
Алматыдан әуе рейстерінің ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер A321LR типті ұшақтарда орындалатын болады.