Елімізден 14 тонна етті заңсыз экспорттамақ болған

5 Шілде 2023, 04:24
722
Бөлісу:
Елімізден 14 тонна етті заңсыз экспорттамақ болған
Фото: zakon.kz

Оқиға Түркістан облысы ТЖД «Қазығұрт» кеден бекетінде болған. IVECO жүк көлігі Өзбекстанға ет тасымалдап бара жатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, салмақты бақылау кезінде кеденшілер жүктің салмағы мен жөнелтпе құжаттарының сәйкессіздігінен күдіктенген.

Кедендік тексеру барысында мәлімделген тауарлардың жөнелтілім құжаттарына сәйкес келмейтіні анықталды. Онда көрсетілген тауарлар «Ет, ірі қара» декларацияланған тауарларды қоспағанда, жөнелтілім құжаттарындағы мәліметтерге сәйкес келмейді, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабы бойынша әкімшілік іс қозғап, 172 500 теңге айыппұл салып, процессуалдық шара қолдану материалы ветеринариялық қызметке берілді.

Бұған дейін Өзбекстанға 20 тоннадан астам бензинді заңсыз экспорттамақ болғандар туралы хабарланған еді.

Өзгелердің жаңалығы