Еліміздегі жолдар ұзақ жүргізілген құрылыстың нәтижесінде қымбатқа түседі – Рау

17 Қазан 2022, 17:10
989
Бөлісу:
Еліміздегі жолдар ұзақ жүргізілген құрылыстың нәтижесінде қымбатқа түседі – Рау

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, ол ведомствоның (ИИДМ – ред.) кейбір деректерімен келіспейтінін білдірді. Белгілі болғандай, бүгінгі таңда республикалық маңызы бар жолдарды салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге жалпы қажеттілік 12 мың шақырымды құрайды.  

Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздегі республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың жай-күйі азаматтардың орынды шағымдарын туғызып отыр. Бұл республикалық маңызы бар жолдардың шамамен 50%-ын құрайды. Дегенмен министрліктің деректері бойынша, жолдардың 90%-ы қазірдің өзінде нормаға сәйкес, яғни қанағаттанарлық жағдайда, – деп атап өтті Альберт Рау.

Сондай-ақ «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасында 2025 жылдың соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100%-ға дейін ұлғайтылады деп отыр. 

Алайда депутат бұл мақсаттарға жету сенімділігіне күмән келтіреді. Өйткені Ұлттық жобада қарастырылған 40 жобаның 18-ін (немесе 45%-ын) жүзеге асыру тек 2025 жылдан бастап жоспарланған.

2025 жылдың өзінде «Қызылорда – Павлодар – Успен – РФ» тас жолының 398 шақырымдық Қарағанды – Успен – РФ учаскесін жөндеу, «Шалқар – Бозой – Өзбекстан» 242 шақырым тасжолының құрылысы, еліміздің орталығы мен оңтүстігін байланыстыратын Жезқазған – Арқалық жолының кей жеріндегі грейдерлерді жөндеу секілді ірі жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр, – деді комитет төрағасы. 

Өзгелердің жаңалығы