Еліміздегі үздік 5 туристік ауыл анықталды

Kazakh Tourism "Үздік туристік ауыл – 2025" ұлттық байқауын қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 архив 2 Ақпан 2025 2025, 23:25
2 Ақпан 2025 2025, 23:25
932
Фото: архив

Kazakh Tourism "Үздік туристік ауыл – 2025" ұлттық байқауын қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба тұрақты туризмді дамытуға, бірегей табиғи ландшафттары бар, дәстүрлер мен қолөнерді сақтаған ауылдық аумақтарды анықтауға және ілгерілетуге бағытталған

Облыс әкімдіктеріне байқауға өңірден үш ауылды ұсынуға мүмкіндік берілді. Қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурстарға, елді мекендердегі дәстүрлі қызмет түрлерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінді. Олар жаңа бағыттар мен аутентикалық туризмге қызығушылық танытқан саяхатшылар үшін тартымды болуы мүмкін.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды:

  • Лепсі (Жетісу облысы Алакөл ауданы);
  • Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы Сырдария ауданы);
  • Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы);
  • Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы Риддер ауданы);
  • Шабанбай би (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы).

Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village халықаралық байқауында Қазақстанды таныстырады.

Наверх