Еліміздегі такси бағасы ТМД бойынша ең қымбат па?

19 Маусым 2024, 11:58
598
Бөлісу:
Еліміздегі такси бағасы ТМД бойынша ең қымбат па?
Фото: pixabay.com

Қазақстан және ТМД елдерінде такси жүргізушілері қанша ақша табады? Қай елдердерде такси құны қымбат? Экономикалық зерттеулер институты деректер келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"NUMBEO" интернет-порталының деректеріне сәйкес, Қазақстанда ТМД елдері арасында ең қымбат такси қызметтерінің бірі (таксидің бастапқы құны 1,79 доллар немесе 800 теңге, ал жолдың бір километріне кемінде 0,42 доллар немесе 200 теңгеге жуық төлеу қажет). "Globalpetrolprices" деректеріне сәйкес Қазақстанда талданатын ТМД елдері арасында АИ-95 маркалы бензиннің ең төмен бағасы тіркелді, ол бір литр үшін 0,545 доллар немесе 250 теңге, - деді сарапшы Ерлан Каримов.

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2020 жылдан бастап такси қызметтерін пайдаланушылардың тұрақты өсу динамикасы жүріп жатыр, ол 2020 жылы 1,314 млн. адамнан 2022 жылы 3,339 млн адамға дейін өсті.

Қазақстанда таксопарктер табысының күрт қысқаруы байқалады, олар 2021 жылы 7 есеге жуық өсімді көрсетті (кірістер 1,825 млрд теңгеден 12,429 млрд теңгеге дейін өсті). Алайда, 2022 жылы кірістер 2,5 есе төмендеді (12,429 млрд теңгеден 4,871 млрд теңгеге дейін).

Өңірлерде Қарағанды облысының (+10,4%); Атырау облысының (+7,3%); Абай облысының (+7%); Ақмола облысының (+6,4%) және Павлодар облысының (+5,9%) тұрғындары такси бағасының өсуін қатты сезінді.

Ең төменгі жылдық өсім Солтүстік Қазақстан облысында (барлығы +0,3%), Қостанай облысында (+1,2%) және Қызылорда облысында (+1,7%) тіркелді.

8 облыста (Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан; Жамбыл, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстары) бағалар бір жыл бұрынғыдай деңгейде қалды.

Өзгелердің жаңалығы