Еліміздегі су тасқыны. Сандар сөйлесін

29 Наурыз 2024, 19:11
842
Бөлісу:
Еліміздегі су тасқыны. Сандар сөйлесін
Фото: ТЖМ

ТЖМ су тасқыны жағдайы туралы жаңартылған ақпаратты таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 3,2 млн м3 астам еріген су сорылды, 188 мыңнан астам қапшық және 37,9 тонна инертті материал төселді.

«Жедел желі» телефондарына 452 қоңырау келіп түсті, 13 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.

Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ұлытау және Абай облыстарында 5 447 адам құтқарылып, эвакуацияланды, оның ішінде 2017 бала. Уақытша орналастыру пункттерінде 3 109 адам, оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Абай облыстарында 1073 бала орналастырылды. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 586 адам эвакуацияланды, оның ішінде 216 бала.

Қазіргі уақытта 683 жеке тұрғын үй және 75 саяжай үйі, 416 аула аумағы су астында қалып отыр, 426 үй мен 507 аула аумағынан су шығарылды.

30 автожолдардың шайылуы, оның ішінде 4 көпір және 26 жол төсемі бақылауда.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыстарында көлік қатынасынсыз қалған 45 елді мекен бар.

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай, Ұлытау және Ақмола облыстарының әкімдіктері жергілікті ауқымдағы ТЖ режимдерін жариялады.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 6000-нан астам адам, 2000-ға жуық бірлік техника, 603 бірлік су айдау құралдары және 57 бірлік жүзу құралдары, 10 әуе кемесі ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы