Еліміздегі сарбаздардың өмірі туралы жоба басталды

13 Ақпан 2022, 17:44
1583
Бөлісу:
Еліміздегі сарбаздардың өмірі туралы жоба басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі сарбаздардың өмірі туралы SarbazLIFE жобасын іске қосты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

SarbazLIFE жобасының бірінші шығарылымында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының мерзімді қызметтегі сарбаздары Георгий Вертков, Ақылбек Елик және Максим Кузнецов армия туралы, әскери ұжымдағы өмір туралы әсерлерімен бөлісіп, болашаққа жоспарлары туралы әңгімелейді. 

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, барлық шығарылым министрліктің ресми YouTube және Telegram каналдарында (@modgovkz) жарияланатын болады.
 

Өзгелердің жаңалығы