Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтады.
Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы, - деп жазды ол Тwitter-дегі парақшасында.