Еліміздегі мықты қоғам белсенділерінің бірі қайтыс болды

17 Маусым 2024, 14:57
1269
Бөлісу:
Еліміздегі мықты қоғам белсенділерінің бірі қайтыс болды
Фото: НеМолчиKZ

"Тең құқық пен тең мүмкіндік институты" қоғамдық қорының президенті Маргарита Ускембаева дүниеден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 17 маусымда қоғам белсендісі, балалар психологі, Arasha үйінің директоры, феминист, Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері бойынша ұлттық комиссия мүшесі, "Тең құқық пен тең мүмкіндік институты" қоғамдық қорының президенті Маргарита Ускембаева дүниеден озды.

Мәжілісмен Ирина Смирнова Facebook-тегі парақшасында Ускембаеваның қандай жұмыс атқарғанын айтып берді.

Оның орталығында әйелдер мен балалар қолдау тапты. Бұл орталыққа жанын салды. Ол әйелдерге медициналық көмек, заңнамалық көмек алуға жағдай жасады, психологиялық қолдау көрсетті. Оларды оқытып, мамандық алып шығып, өзіне сенімді болуын қалады. Орталыққа анасымен бірге түскен балалармен жұмыс жасады. Балаларды мектепке, балабақшаға орналастырды, - деп жазды ол.

"НеМолчиКЗ" қорының басшысы Дина Таңсәрі қаралы хабарды күйзеліспен қабылдағанын айтты.

Мен үшін еліміздегі ең адал, ең әділ және мықты құқық қорғаушылардың бірі болған Маргарита Ускембаева қайтыс болды. Мен оны #НеМолчиKZ қорын құрғалы таныспын. Оның өмірі қалай қиын болғанына куә болдым. Маргаритадан көп нәрсе үйрендім. Туыстарына қайғырып көңіл айтамын, - деп жазды ол Telegram арнасында.

Өзгелердің жаңалығы