Еліміздегі көші-қон заңнамасы 6 күнде 11 мың рет бұзылған

3 Шілде 2023, 12:39
588
Бөлісу:
Еліміздегі көші-қон заңнамасы 6 күнде 11 мың рет бұзылған
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ел аумағында алты күнде 11 мың көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Айтуынша, министрлік «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның мақсаттары:

  • елдегі көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
  • заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ заңсыз көші-қонға байланысты өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау және жолын кесу;
  • шетелдіктер мен Қазақстан азаматтары арасында көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу.

Полиция шетелдіктердің тұратын жерлерін, құрылыс нысандарын, базарларды, шетелдіктердің жалдамалы еңбегін пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексерді. Операцияның 6 күнінде көші-қон заңнамасын 11 мың бұзушылық анықталды. Оның ішінде 7331 шетелдіктердің елде болу мерзімдерін бұзуы, шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруының 2400 фактісі тіркелді. 507 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өздеріне келген шетелдіктер туралы полицияны уақтылы хабардар етпегені үшін 2536 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзушыларды елден шығару туралы соттардың 476 шешімі шығарылды. Мәжбүрлі түрде 70 шетелдік еліне қайтарылды. Барлық шығарылған адамдарға 5 жыл бойы Қазақстанға кіруге тыйым салынады, - деп атап өтті ведомствоның өкілі.

Мәселен, Алматы облысының полициясы Қонаев қаласында орта мектеп салу кезінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Африка елдерінің 11 азаматын анықталған.

Елде болу мерзімдерін бұзған барлық шетелдік жауапкершілікке тартылды және оларды депортациялау бойынша шаралар қабылдануда.

ІІМ елімізде шетелдіктерді қабылдаушы тарапқа өздеріне келген шетелдік туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге тиіс екендігін тағы да ескертеді. Осы тетік қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұзылған жағдайда, қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша әкімшілік жауаптылықта болады (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзуы), - деп түсіндірді Шұғыла Тұрлыбек.

Оған келесі жазалау шаралары қарастырылған:

  • Жеке тұлғаларға ескерту, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 15 АЕК.
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 20 АЕК.

Осыған байланысты, көші-қон қызметі Қазақстанда шетелдіктерді қабылдайтын адамдарға өздерінде тұратын адамдарға қатысты полицияны хабардар ету бөлігінде заңнамалық нормалардың бұзылуына жол бермеуге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы