Еліміздегі корейлік Bank Finance Kazakhstan екінші деңгейлі банкке айналмақ

12 Маусым 2024, 13:31
467
Бөлісу:
Еліміздегі корейлік Bank Finance Kazakhstan екінші деңгейлі банкке айналмақ
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақордада Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльмен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Жаңа құжат арқылы инвестициялар қауіпсіздігін бақылаудың тәртібі реттелмек. Елімізде корейлік Bank Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымы бар. Мен оны екінші деңгейдегі банкке айналдыру туралы шешімді қолдаймын, - деді Президент.

Сондай-ақ Президент ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықтың да ұдайы нығайып келе жатқанын айтты.

Кореяның жоғары оқу орындарында 1000-нан астам қазақ жастары білім алып жатыр. Өздеріңізге мәлім Қазақстан техникалық мамандар даяралу мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Бұған кореялық әріптестеріміз қолдау көрсетіп отыр. Елдеріміз ғылым және технология салысындағы ынтымақтастықты дамыта түсуге келісті. Осыған орай Түркістанда Кореяның Woosong университетінің филиалын ашу мәселесі пысықталады. Біз мәдени-гуманитарлық байланысты күшейтуге де баса назар аудардық. Қазақстанда тұрып жатқан корей диаспорасына өз тілін сақтап, дамытуына қолдау көрсетіледі. Осы мақсатпен екі ел аумағында тұрақты түрде мәдени шаралар өткізуге уағдаластық. Қазақстан азаматтары Кореяға 30 күнге дейін визасыз бара алады. Астана-Сеул бағытында тікелей рейс ашылады. Әуе рейстерінің ұлғаюы екі ел арасындағы байланысты нығайта түсетіні сөзсіз, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы