Еліміздегі бизнес саласын мемлекеттік қолдауда тең қолжетімділік қажет

14 Қазан 2021, 15:04
1408
Бөлісу:
Еліміздегі бизнес саласын мемлекеттік қолдауда тең қолжетімділік қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен дөңгелек үстел отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Ахметов хабарлады. Оның айтуынша, жекеменшік және мемлекеттік бизнеске тең қолжетімділік шарттарын қамтамасыз ету – маңызды аспектілердің бірі.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдауды персоналдандыру жүргізіліп жатыр. Жеке келісімдер, соның ішінде преференцияны кредиттеу, субсидиялау мен инфрақұрылымды бөлуге дейінгі дербес пакетін қарастыратын шетелдік инвесторлармен бірге қабылданып, бекітілді. Мұның барлығы ішкі нарықтағы бәсекелестіктің оны монополияландыру келешегінен бұрмалау, - деп атап өтті Рүстем Ахметов.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы бірінші орынбасарының мәлімдеуінше, АӨК саласын субсидиялауға жүргізілген талдау көрсеткендей, өнім құнының арзандауына экономикалық тиімсіз субсидиялар қолданылатын бұл салада ірі бизнестің қызығушылығына қарай талаптар артып, субсидия алушылардың жылдар бойы өзгермейтін тұйық шеңбері қалыптасады.

Қазір қарастырылып отырған заң жобасы шеңберінде бәсекелестік бойынша мемлекеттік қолдау іс-шаралары көрсетілген кезде бәсекелестік қағидаттары мен тыйым салынған тәжірибелер әзірленді. Бұл бізге болашақта мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары мен ережелерін енгізген кезде нарық, шағын және орта бизнес пен бәсекелестік дамымаған тауарлық нарықтардың жаңа қатысушыларының тарапына механизмді бағдарлауға мүмкіндік береді. Бұл жекеменшік, сонымен қатар мемлекеттік бизнес үшін тең қолжетімділік шарттарын қамтамасыз етуге жол ашады, - деді агенттік төрағасының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ цифрлық қызметтер нарығын дамыту мәселесі де өзекті болып отыр.

Бұл жерде нарық қатысушыларының қызметін реттейтін қандай да бір нормаларын енгізуге тырыспаймыз. Шетел мемлекеттерінің тәжірибесі негізінде біз отандық өндірушілердің қызығуышылықтарын, әсіресе, шетелдік цифрлық платформалармен қатынаста цифрлық қызметтерді қорғаудың құқықтық мүмкіндігін құруды ұсынамыз, - деп атап өтті Рүстем Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы